"Ақмола облысы білім басқармасынының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының "Шаңырық" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Шаңырақ" города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қыс қызығы» ашық сабақ

10.02.2017

Білім

беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты:

Балалардың қыс мезгілі туралы

білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата

білуге, қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін әңгімелеп айту туралы

байланыстырып сөйлеуге үйрету. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

Әрекет кезеңдері

    Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Шаттық шеңбер:

Арайланып таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң апайлар!

Қайырлы таң балалар!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Достарымызды көргенде,

Қуана қарсы аламыз

Сәлем, сәлем, сәлем!

-Бәрекелді, тамаша! Енді бәріміз орнымызға отырайық

 

Балалар шаттық шеңберге тұрып, өлең шумақты қимыл

қозғалыспен жасап орындайды.

 

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде «Қыс қызығы

» тақырыбында өтеміз.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?

-Қардың түсі қандай?

-Қар қатты ма, әлде жұмсақ па?

-Ал енді балалар қар қай мезгілде жауады?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларына қандай айлар жатады?

-Қазір қыс айының қай айы?

-Қыс мезгілі несімен қызықты?қандай ойындар ойнаймыз?

-Қыстың белгілерін кім айтады балалар?

Дұрыс айтасыңдар балалар!

-Балалар сендер қыс, қар туралы тақпақ білесіңдерма?

Кім айтады?

-Рахмет балалар! Сендер қыс,қар туралы көп тақпақтар

біледі екенсіңдер.

Сөздік жаттығу: (сурет бойынша)

Ша-ша-ша-шана;

Шаң-шаң-шаң-шаңғы;

Қ-қ-қ-қар;

Қ-қ-қ-қыс;

-Жақсы, балалар! Ал енді балалар, бәріміз тақтаға назар

аударайық.

(сурет бойынша әңгімелеу)

Сергіту сәті

Қол ұстасып алайық,

Киіз үйді құрайық

Қазша қанат жаяйық.

Аққуша мойнымызды созайық

Құсша қанат қағайық

Алақанды соғайық,

Орнымызды табайық.

Ғажайып сәт.

(Есік қағып топқа Аққала кіріп келеді)

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, мен Аққаламын, сендерге

қонаққа келдім.

-Балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр?

Жұмбақ шеше аламызба?

-Аққала біздің балалар жұмбақты жақсы шешеді.

Жұмбақ

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

-Ол не, балалар?

-Дұрыс жарайсыңдар, балалар!

-Балалар, аязды күні қарды басып жүрсең, қандай дыбыс

шығады?

-Қысты күні ағаштарымыздың үстін не жабады?

Дұрыс айтасыңдар!

Ендеше баріміз мына ағашқа қарайықшы тонып қалыпты.

Балалар сендердің бұл ағаштарға көмектерін керек екен.

-Қане балалар  бәріміз үстелге отырамыз.

Ағашымызды киіндірейік.

-Жарайсыңдар балалар,тамаша! Енді ағаштар тонбайтын

болды. Сендер ағаштарға көп көмектестіңдер!

 

 

 

 

 

 

-қар

-аппақ, ұлпа

-жұп-жұмсақ

 

-қыс мезгілінде

-қыс мезгілі

 

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан

-қаңтар айы

-Аққала соғу, биіктен сырғанау, шаңғы тебу, коньки

тебу, шанамен сырғанау.

-қыста күн суық болады, қар жауады, боран соғады, аяз

болады, адамдар жылы киінеді

Балалар тақпақтарын айтады

 

 

Балалар қайталайды

 

 

 

Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.

 

 

Балалар өлеңді қимыл-қозғалыспен жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсізбе!

Аққала келді

 

 

 

 

 

-иә шеше аламыз

 

 

 

 

 

-қар

 

-Сықыр-сықыр,

 сықыр-сықыр

етеді

 

қар жабады

 

 

 

 

 

 

Балалар орындарына отырып үлгі бойынша жұмыстарын

жасайды

 

Қорытындылау

-Балалар сендер тапсырманы өте жақсы орындайды

екенсіңдер.

Балалар сендердің топтарын жылы екен мен еріп кетем ба

деп қорқып жатырмын, менің салқын жерге баруым керек. Сау болыңдар балалар!

-Балалар Аққала дұрыс айтады.

Аққала жылы жерде болса еріп кетеді.

-Балалар қараңдаршы біздің қарымызда жылы жерден еріп

кетіпті.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Балалар бәрің

оқ іс-әрекетке жақсы қатысқандарың үшін жұлдызша таратамын.

 

 

 

 

 

 

 

Сау болыңыз Аққала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст