"Ақмола облысы білім басқармасынының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының "Шаңырық" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Шаңырақ" города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Серкебаева Зауре Ахметовна"Тәрбиеші-бұл ең алдымен, жай ғана адам!"

     

 

Серкебаева Зауреш Ахметовна «Шаңырақ»  б/б МКҚК тәрбиешісі, біліктілік санаты екінші

 

Білімі: арнаулы орта

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандағы

Арқалық педагогикалық училищесі

1992-1995 жыл

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»  Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі

 

Жұмыс  өтілі:  12жыл

 

          Зауреш Ахметовна балабақшада қазақ тобында, 12  жыл тәрбиеші болып жұмыс істейді. Осы азғантай уақыт ішінде ол өзін жақсы жағынан көрсетті.

          Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін жетік біледі. Тәжірибесіне «Зерек бала», «Балбөбек», «Атамекен», «Қайнар» этнопедагогика, инновациялық технологияларын енгізді.

          Зауреш Ахметовна ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарда ертегі кейіпкерлерін ойнап, өзінің әртістік қабілеті бар екенін көрсетті. Сабақтарды, мерекелерді, ойын-сауықтарды өткізу әдістемесін жақсы меңгерген. Әр сабағы қызықты да мазмұнды, сондықтан балалар оған үлкен қызығушылықпен барады. Ол жұмысында ұлттық педагогика элементтерін пайдаланып, халық шығармашылығын кеңінен енгізе отырып, тәрбиеленушілерді салт-дәстүрмен таныстырады, олардың отаншылдық сезімін оятады.

          Тәрбиеші өзінің басты міндеті деп тек балаларға белгілі бір білім қосындысын беру ғана емес,  сондай-ақ оларды ойлауға үйретуді, таным үрдісіне тарту, тұлғаның дамуын қамтамасыз ету деп біледі.

          Оқытудың неғұрлым тиімді әдістері мен тәсілдерін басты назарға алады. Зауреш Ахметовна балалардың табиғатқа, кітапханаға серуендеуін үнемі ұйымдастырып отырады.

Бейнелеу өнері сабақтарында тәрбиеші ТРИЗ тәсілдерін қолданады. Топта бағдарлама талаптарына сай демонстрациялық материал бар. Топтық бөлме эстетикалық безендірілген. Зауреш Ахметовна балабақшадағы іс-шараларға белсенді қатысып отырады. Тәрбиеші ата-аналар арасында құрметке ие, әңгімелесулер жүргізеді, кеңестер, ұсыныстар жазып іліп отырады, ата-аналарды балабақшаның іс-шараларына белсенді қатыстыра алады. Балалар аудиториясын баурап алады, бір қызмет түрінен екінші түріне ауыса алады. Ұжымда тәрбиеші бір қалыпты, мейірімді қарым-қатынасты ұстанады. 

 

Жаңартылған күні: 14.04.2020 14:44
Құрылған күні: 14.08.2023 19:51

Текст