Шаттық
шеңбері
– Балалар, бүгін біз
бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол
ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық!
Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің
қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша,
қандай қуаныш!
Сендерге шаттық шеңбері
өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады.
Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне
жақындатады)
Жеткізсін жылу мен
шаттықты. (қолдарын жүректерінің
тұсына
қояды)
Бөліскен жақсы ғой
өмірде, (қолдарын алға созады,
саусақтары
күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын
екі жаққа созады).
«Жүректен жүрекке»
шеңбері
– «Өзін-өзі тану әлемінде»
адамдар бір-біріне тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтады. Ендеше,
«Жүректен жүрекке» деп аталатын шеңбер құрайық.
– Сендер адамдар шеңберге
тұрғанды неліктен жақсы көреді деп ойлайсыңдар?
(Балалардың жауаптары.)
– Шеңбердің бір жақсы жері – онда
бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды.
Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.
Ұға білсең мені сен,
Бақытыммен бөлісем.
Жүрек сөзін
жалғаймын,
Бәрін саған
арнаймын!
– Бүгін – тамаша күн.
Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа,
Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. Сондықтан біздің шеңберіміз «Жүректен
жүрекке» деп аталады.
Балалар, Махаббат
періштесі беріп жіберген «Ризашылық әнін» айтып көрейік.
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге.
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!
– Біз бір-бірімізге,
бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге,
жалпы әлемге рақмет айтамыз.
Шаттық шеңбері
– Балалар, сендермен
кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» сөзін
естеріңде сақтағандарыңа өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды
жалғастырып, біз адам, табиғат , өзіміз туралы өте қызықты мәліметтер аламыз.
Бір-бірімізге қарайық.
Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.
Сендерді «Шаттық
шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!
Армысың,
Әлем!
Армысың,
Жарық күн! (Қолдарын
жайып, көкке көтереді.)
Армысың,
абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)
Армысың,
менің досым!
«Жүректен
жүрекке» шеңбері
Саяхатымыздың соңында қол
ұстасып, бір-бірімізге күлімдей қарап, өз қуанышымызды мынадай сөздермен
білдірейік.
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
– Күнге қол бұлғайық!
Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады,
біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.
– Рақмет, балалар! Сау болыңдар!
Шаттық шеңбері
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгін саяхатымызда «Өзін-Өзі тану» әлемінде Махаббат періштесі бізге есімдер туралы әңгімелейді.
Сендердің барлығыңның есімдерің
өте әдемі. Қандай есімдер екенін көрейік. Ортаға шығып, шаттық шеңберін
құрайық, есімдерімізді дауыстап айтайық.
Тез тұра ғой, өтінем,
Кім болады есімің?
(Балалар есімдерін айтады да, тәрбиеші барлық балалардың
есімдерін қайталайды.)
– Балалар, бүгін шынымен де
сендердің есімдеріңнен көңілді шеңбер құрдық.
«Жүректен - жүрекке»
шеңбері
– Әрбір
еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да,
қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш
сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
– Бәріміз қол ұстасып, шын
жүректен былай деп айтайық.
Есімімді сүйемін!
Оны аялай білемін!
(Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.)
– Балалар, рақмет! Сау болыңдар!
Шаттық шеңбері
– Балалар, мен сендерді – қыздар
мен ұлдарды көргеніме өте қуаныштымын. Сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне
шақырамын. Барлығымыз, қыздар мен ұлдар араласып тұрайық та, бір-бірімізбен амандасайық:
Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз! Қайырлы күн! Біз ержүрек ұлдармыз! |
Тәрбиеші шеңбердің ішімен жүреді, бірде ұлға, бірде қызға кезек-кезек қарап айтады. Қолдарын бір-біріне ұстатады. Балалар бір-бірінің көздеріне қарайды да, күлімдейді. |
Шаттық
шеңбері
– Сәлеметсіңдер ме, қыздар мен
ұлдар! Таңертеңнен бері мен қуаныш сезіміне бөленіп жүрмін, өйткені сендермен
кездесуді асыға күттім. Ал сендер «Өзін-өзі тану» сабағына келе жатқанда
қуандыңдар ма?
Мен сендерді шаттық шеңберіне
шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
«Жүректен
жүрекке» шеңбері
– Балалар, айналамызда
көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол
ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар,
күлейік!
Күлкіменен
түлейік!
Күлкі- көңіл
ажары !
Күліп өмір
сүрейік!
Шаттық шеңбері
– Қайырлы күн, қымбатты балалар!
Бүгін мен сендерді ерекше көңіл-күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір
керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр.
Кәнеки, өзіміздің шаттық
шеңберімізде тұрып, Махаббат періштесі сыйлаған «сиқырлы таяқшаны» бір-бірімізге
бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық. Осы таяқшаның
көмегімен біз мейірімді сиқыршыға айналамыз. Балалар, мен өзімнің тілегімді
бірінші айтайыншы:
Бақыт, шаттық тілеймін,
Ертемен барлық балаға.
− Ал енді мен Айдосқа «сиқырлы таяқшаны»
берейін. Айдос, айта қойшы, сен достарыңа не тілегің келеді?
Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып,
өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
– Жарайсыңдар, балалар!
Енді,
достарың сендерге жақсы тілектер айтып жатқанда қандай күйде болғандарыңды айта
қойыңдаршы?
(Балалардың жауаптары.)
− Рақмет! Біз сондай жақсы
сөздер, жылы-жылы лебіздер естідік! Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер
доссыңдар және оның бәрін шын жүректен айттыңдар.
«Жүректен-жүрекке»
шеңбері
– Балалар! Сендерді «Жүректен –
жүрекке» деп аталатын тамаша шеңберге шақырамын. Қолдарымыздан ұстасамыз.
Бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Өзімізге мейірімді, қамқор, бақытты болуға
тырысамыз деп уәде берейік. Келістік пе?! Ал енді бір-бірімізге шын жүректен
былай деп жар салайық:
Бар әлемге жақсылық жаса,
Басқалар қуансын деп жақсылық
жаса!
–
Балалар, рақмет! Сау болыңдар
Шаттық шеңбері
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай керемет таң! Бір-бірімізді көңілді әрі үлкен қуанышпен
қарсы алу үшін мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Өйткені біздің
шеңберімізге әрқашан да нағыз шынайы достар жиналады. Қол ұстасып, айтайық:
Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен. |
(балалар шеңбер бойымен жүреді) (жүріп келіп, тоқтайды) (қолдарын екі жаққа сермейді) (бір-бірімен қол алысады) |
Шаттық шеңбері
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Терезеге қараңдаршы! Қандай тамаша! Аңдар
мен құстар, таулар мен өзендер – бәрі қуанышты. Өйткені бәрі-бәрі бір-бірімен
дос. Айналадағы ортамен достықта болған қандай керемет!
Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік.
Айтамыз алғыс қайталап,
Тыңдайды бізді шартарап.
Өмір сүру – бір бақыт.
Дос бола білу – шын бақыт!
Шаттық шеңбері
– Балалар, неткен керемет
таң! Бір-бірімізбен амандасайық. Арқамызды ортаға қаратып тұрайық. Сол
жағымызда, оң жағымызда кім тұрғанын қарайық.
Қайырлы таң! Ормандар мен далалар. Қайырлы таң! Достасқан бар балалар. Қайырлы таң ! Біздің балабақшамыз. Қайырлы таң! Жора-жолдас, ұл мен қыз! |
(қолымызды жоғары созамыз)
(қолымызды жанымызға созамыз)
(алға еңкейеміз)
(бетін шеңберге беріп, қол шапалақтайды) |
− Жарайсыңдар! Енді жайғасып
отырыңдар. Адамның өзге адамды түсініп, кешіре алатыны жайлы әңгімелесейік.
«Жүректен-жүрекке»
шеңбері
– Балалар, бір-бірімізге «Сау
бол!» деп айтайық:
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
– Рақмет, балалар! Сау болыңдар!
«Жүректен-жүрекке»
шеңбері
– Бәріміз бірге шеңберге
тұрып, мына сөздерді айтайық:
Балалардың достығын
Көрсетейік біз бүгін!
Әлемдегі барлық жанға айтамын,
Татуласып жүрген жақсы, байқадым!
– Рақмет, балалар! Сау
болыңдар!
Шаттық шеңбері
– Сәлеметсіңдер ме,
қымбатты балалар! Мен сендерді тағатсыздана күттім және де кездескенім үшін
сендермен қуанышымды бөліскім келеді:
Қайырымды жандар
айнала,
Шеңберге келсін
жайлана.
Жалықпастан
қайта бiз,
Махаббат сөзін
айтамыз.
Сүйеміз барлық
әлемді,
Әлемдегі бар
елді.
Бақыттымыз осы
біз
Қасымызда
досымыз!
Шаттық шеңбері
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, қолдарыңды бiр-бiрiңнiң иықтарыңа
қойып, екі жаққа шайқалып көрiңдершi.
Балалар қимылды орындайды.
– Қасыңда тұрған адамның иығының қолдауын сездіңдер ме?
– Әрқайсысымыз достарымыздың сенiмдi иығын сезiндiк. Отбасында да әрбiр
адамға туыстары осылай сүйеу, қуат болады, бiрiн-бiрi жақсы көредi.
Бәріміз бірге мына сөздерді айтайық:
Отбасының
гүліміз,
Көңілді өтер
күніміз.
«Қайырлы таң!»
деп айтамыз,
Бір болып, кеште
қайтамыз.
«Жүректен жүрекке» шеңбері
Тәрбиешi балалармен қосыла
айтады:
Атамнан
басталар,
Әжеммен
қосталар.
Отбасым
мыналар:
Ең
жақын адамдар-
Әкем
мен анам бар.
Бiр
туған ағам бар.
Бiр
туған апам бар…
Бәрiн
жақсы көремiн,
Еркелеймiн
еремiн.
Е.Өтетiлеуұлы
Шаттық шеңбері
– Бүгінгі сабақта біз бақыт туралы айтамыз. Бірауыздан көңілді айтайық:
Бақыт – біздің
сиқырлы шеңберіміз,
Бақыт – біздің достарға сенгеніміз.
Бақыт – таңнан
біреумен достасуың,
Бақыт – кеште
достармен қоштасуың.
Шаттық шеңбері
Бұл сабақты өткізу үшін тәрбиеші өз киіміне әдеттен тыс
элемент қосады (мысалы: гүлдесте (венок) немесе әдемi гүлдi жамылғы).
– Мен бүгін тәрбиеші ғана емеспін, ертегілер әлеміндегi Бақыт патшалығынан
келген Гүлдер Періштесімін.
Тәрбиеші «Гүлдер вальсы» әуенімен
айналады да, балалардың үстіне қағаз гүлдерден шашу шашады.
Одан соң шеңбер құруды ұсынады.
Бақытты дәйім армандап,
Досқа да бақыт тіледің.
Күтеді сені алдан бақ,
Жақсылық етсең үнемі.
– Балалар! Менің
себетiмнiң ішінде не бар екенін қараңдаршы. (Балалар
себеттiң ішін қарайды.)
Мұның ішінде әр түрлі гүлдер бар, оның бәрі
менің патшалығымнан. Ал осының iшiнен өздерiңе Бақыт гүлін таңдап алыңдар.
Таңдап алған гүлдерiң әрқайсың үшін бақыт белгісі болады.
– Ал белгі
дегеннiң не екенiн білесіңдер ме,? Бұл сөзді бұрын естіп пе едіңдер?
(Балалардың жауаптары.)
– Махаббат,
қуаныш, бақыт сияқты кейбір сезімдерді біз сезгенімізбен көре алмаймыз. Біз
оларды бір зат арқылы елестете аламыз. Сол зат белгі болып табылады. Мысалы,
жүрек – махаббат белгісі, көгершін – бейбітшілік белгісі болады.
Шаттық шеңбері
Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
Шеңберге тұр, – деп баршаңды!
Тәрбиеші балаларға қоңыраудың көмегімен амандасуды
ұсынады:
– Мен Алмасқа күлімдеп
қараймын да, қоңыраумен: «Сәлеметсің бе, Алмас», – деп шылдырлатамын, содан
кейін қоңырауды оған беремін. Осылайша біздің қоңырауымыз бәрін айналып шығуы
керек.
Күн күлімдеп нұр
төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Жақсы сөздер нұр
септі, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Еске сақтап
кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сәлем!
Кел,қосылып
айтайық бір-бірімізге...
Балалар: Сәлем