2017 ж. 9
маусым күні «Мектепке дейінгі
ұйымдарда инклюзивтік білім беру
кеңістігін құру» тақырыбы бойынша Үйлестіру кеңесі өтті.
Кеңеске қатысушылар: мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері.
Шақырылғандар: Ақмола облысы
инклюзивтік білім беруді дамыту
бойынша Үйлестіру кеңісінің мүшелері,
Ақмола облысы білім басқармасының
«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті»
КММ –нің мамандары, инклюзивті білім беруді дамыту мен мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
мәселелері бойынша Атбасар, Сандықтау, Жарқайың, Жақсы, Есіл
аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері.
Мақсаты: -
балалардың жеке тұлға болып
қалыптасуына септігін тигізетін
мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бейімдеу және
түзету – дамытушылық орта құруға
үлес қосу.
Міндеттері:
-
МДҰ
басшыларына жоспарлы және жүйелі
жұмыс құра отырып, түзету-дамытушылық ортаны еңгізу
қажеттілігін актуалдандыру;
-
мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі инклюзивтік
тәжирибелерді енгізу бойынша Атбасар, Сандықтау, Жарқайың, Жақсы, Есіл
аудандарының жұмыс тәжіребесін жинақтау.
-
Модератор:
Ибраев Марат Өмірбайұлы – Ақмола
облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты.
Бірінші күннің жартысында практикалық бөлімі болған. Біздің назарларыңызға топтық және
жеке логопедтік сабағы, Монтессори әдісін
қолдану бойынша
біріктірілген сабағы, «ЕБҚ балалармен
жұмыс жасау тәсілдері» тақырыбына педагог –психологтің мастер –классы;
«Теңізге саяхат» тақырыбы бойынша
түзету- дамытушылық сабағы, дене шынықтыру сабағы көрсетілді.
Күннің екінші жартысында
әріптестер мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі инклюзивтік
тәжирибелерді еңгізу бойынша
жұмыс тәжірибесін жинақтаған. Біздің балабақшадан «Балабақшасында ерекше
қажеттіліктерге мұқтаж балаларға
білім берудегі психологиялық –
педагогикалық көмекті ұйымдастыру»
тақырыбы бойынша презентациясымен
әдіскері Дмитриева Э.И. сөз айтты.
Кеңестің жұмысы аяқтағанда пікір алмасу және Үйлестіру кеңестің
қорытындысын Ө. М. Ибраев жасады.