-
1
Қатысушылар:Жүргізуші, Аяз Ата, Ақша қар, карлсон, екі Мыстан-Кемпір.
Музыка ойнап
тұрады, балалар залға кіріп, шыршаны айнала тұрады.
Би: «Қош келдін жаңа жыл»
Жүргізуші: Балалар, қарандаршы қандай әсем шырша.
Жарқырайды, жайнайды
Қандай сұлу шыршамыз.
Көрікті де сымбатты
Шырша келді қонаққа.
Балалар, шырша сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия, ұнады!
Жүргізуші: Олай болса, шырша тұр, тақпақтарынды ортаға салайық.
1бала:
Кел билейік
сенімен
Деймін ұстап
жеңіңнең.
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың денімен.
2бала:
Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызды
Көз тоймайды қараса.
3бала:
Тақпақтарды жаттадық
Би үйрендік көрсін деп
Аяз ата шаттанып
Бізге риза болсын деп
4бала:
Қараңдаршы далаға
Дала аппақ ақша қар
Тал
мен үйлер қалада
Жамылыпты ақша қар
5бала: Жаңа жылмен,жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді ,анамызды
Қонақтардың бәрін де
6 бала: Жаңа жыл,жаңа жыл
Жаңалық ізде сен
Жаңа
ән,жаңа жыр
Жазып
бер,бізге сен
7бала: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Жүргізуші: Қане, балалар, бәріміз шыршаны айналып «Шырша тұр» әнін айтайық.
Ән:
«Шырша жыры»
1.кәне достар тұрмайық
қарсы алайық жыл
басын
қызықтан бос
қалмайық
шырша жыры
самғасын
қайырмасы ал
достарым келіңдер
келді аяз атамыз
биге билеп беріңдер
шырша жырын айтамыз
шырша жырын айтамыз
2.құтты болсын
жана жыл
шыршамыз тұр жараса
жанында аяз ата жүр
қуанады балаша
қайырмасы
3. аппақ қардай
береке
даламызда самғасын
жаңа жылдай мереке
таба берсін жалғасын
қайырмасы
Ән айтылып болған соң, залға Карлсон келеді. (көңілді
әуен ойналады)
Карлсон: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен күлкілі де әдемі
Көңілді де сұлу Карлсонмың
Қараңдар менің арқамда ебелегім бар.
Мен сендерді жаңа жылмен құттықтауға
келдім.
Сендерге келгенше асығып, тоңдым,
шаршадым.
Барлық жерді қар басып қалыпты, бұл не
болғаны?
Балалар:
Қыс келді!
Карлсон: Кәне, балалар, мен сендермен билегім келіп тұр.
Би: Ұлдар биі аю
Карлсон:
Мен сіздерге тәтті кәмпитсыйлыққа алып келдім.
( открывает коробку, а там фантики)
Жүргізуші:
Ах, сен тәттісыйлықтарды өзің жеп қоидың. Біз
фантиктермен билейміз.
Би
фантиктермен
Карлсон;
Мен ойнап айттым, міне кәмпиттер.
Оыйн
« Кім тез кәмпиттерді жинап алып келеді»
Кәмпиттер
биі
Жүргізуші: Ал балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар. Ойынға кезек
берейік.
Оыйн: «Шарларды лақтыру»(ата-аналармен)
Жүргізуші: Балалар, естимісіңдер, қарды сықырлатып басып бізге
біреу асығып келе жатқан сияқты.
Музыка ойнайды Ақша қар келеді.
Ақша
қар: Сәлеметсіңдер ме,
балалар! Ұлдар және қыздар! Мен аязды күнді, қарлы боранды жақсы көремін. Мен
кіммін?
Балалар: Ақша қар.
Ақша
қар: Балалар, сендер
білесіңдер ме, қазір мұнда кім келеді, олар сондай көңілді. Ол кімдер?
Балалар: Қыздар
Музыка ойналады, қыздар кіреді.
Снежинки (қыздар)
Жүргізуші: Қарша қыз, сен білесің бе, жаңа жылда жақындап қалды,
бірақ Аяз атамыз әлі жоқ.
Ақша
қар: Жолда кешігіп
қалған шығар. Аяз ата ау-у-у. Естимісің мені. Балалар, мүмкін әсем ән саламыз.
Ән: «Жаңа жыл»
1. Жақында жерге қыс келді, 2.Жаңа жылды қарс аламыз
Жаңа
жыл бізге әкелді.
Мерекенмен құттықтаймыз.
Шыршаны,
ойыншыктар, Жаңа жыл сәлем саған
Аяз
Ата, Ақша қар.
Сиқырлы жарқыраған.
Қайырмасы
А-хау! Жаңа жыл!
Қөнелді бұл жаңа жыл.
Әр жыл қонаққа сен кел,
Қуаныш бізге әкел!
Ән аяқталған соң, музыкамен екі
мыстан келеді.
1-Мыстан: Біз көңілді достармыз,
Орманда біз тұрамыз.
Сен-мыстан, мен-мыстан. Ух!
2-Мыстан: Біз керемет, сұлумыз,
Қорқытамыз бәрінде.
Керек болса егерде
Сыйқырлаймыз бәрінде.
1-Мыстан: Мұнда қара, ұл-қыздар бар мұнда.
2-Мыстан:
Мерекеге келгендей, әдемі
киініпті өздері.
1-Мыстан: Неге әдемі киініп алдындар?
2-Мыстан: Мұнда неге келдіңдер?
Жүргізуші:
Бізде бүгін үлкен мереке. Біз
жаңа жылды қарсы алуға келдік.
1-Мыстан: Қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл мерекесі.
2-Мыстан: Болмайды мереке. Біз бәрін қуып жібереміз.
Жылдам музыка ойналады. Мыстандар айнала жүгіреді
сыпырғыштармен.
1-Мыстан: Мыналар қорықпайды ғой, күледі ғой өздері. Қазір қуып
жібереміз.
Ақша
қар: Сендер босқа
шуламандар.
Оданда отырып демалыңдар.
Бұл бақшада көңілді балалар тұрады.
Ән салады, би билейді, тақпақ айтады
(ағылшын тілінде
тақпақтар)
Би: «Снег-Снежок» қыздар
1-Мыстан: Қалай әдемі біз биледік.
2-Мыстан: Ойбай сиқыр туралы ұмытып кеттік қой.
Бірге: Масқара, масқара.
Аяз атаның дауысы
естілді.
Аяз
ата: Қарша қыз
қайдасын?
Мен қазір саған келемін.
Ақша
қар: Мінекей Аяз атада
келе жатыр.
Қазір біреудің көңіл- күйлері бұзылады.
Аяз
ата: Сәлеметсіздер ме,
балалар!
Ұлдар мен қыздар.
Денсаулық, табыс тілеймін
Сендерге мен асықтым.
Бірақ та уақытымда жеттім!
Қарша
қыз: Көп күттік сені
Аяз ата. Жаңа жылдық кездесуге біз өте қуаныштымыз.
Жүргізуші: Аяз ата, сен шыршамызға қарашы.
Шыршамыз көңілсіз, шамдары жаңбай тұр.
Аяз
ата: Бұл кемшілікті біз
жөндейміз.
Шыршаның шамын жағамыз.
Бәріміз бірге «Бір, екі, үш шырша шамы
жана түс».
Аяз
ата: Балалар, неге
дауыстарын шықпайды? Мүмкін шыршамызды біреу сиқырлап қойған шығар? (Аяз ата
шыршаны айналады)
Аяз
ата: Мен кімді көріп
тұрмын?
Қорықпандар, ренжітпеймін.
Балаларға кедергі жасаған сендер ме?
Шыршаны сендер ме сиқырлаған?
1-Мыстан: Аяз ата кешірші бізді.
2-Мыстан:
Біз қазір бәрін де дұрыстаймыз.
(жүгіріп сиқыр жасайды)
Аяз
ата: Бір, екі, үш
шырша жана түс.
Біз көңілді баламыз
Жарқырайды шыршамыз.
Жүргізуші: Ал, енді балалар, бір ән салайық.
Ән: «Аяз ата»
1.Ақ таяғын таянып, Қайырмасы Ал, балалар, тұрмайық
Таң мен бірге оянып. Би билейіқ
ойнайық.
Аяз Ата келіп тұр, Аяз Ата
қуансың
Ақ күпиге оранып. Дөнгеленіп
зырлайық.
Аяз
ата: Бұл ән мен туралы
ғой.
Рахмет сендерге достарым
Би «Жұптасып билеу»
Аяз
ата: Балалар билерің
қандай тамаша! Маған ұнады. Ал енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Аяздан біз қорықпаймыз»
Аяз
ата: Ойын ойнап,
ыстықтап кеттім ғой.
Ал кім маған тақпақ айтып береді.
1бала:Бізбен бірге ойнайды
Жаңа
жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды
2бала:Жасыл желек жамылғын
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен
күтіп сағынған
3бала: Жаңа жылда барлық
үйде
Аяз
ата келеді.
Жаңа
жылда сәбилерге
Сыйлық
әкеп береді.
4бала: Далада қар борайды
Ақ
мамыққа орайды
Мұз
болады,қатады
Жып-жылтыр
боп жатады
5бала: Ақ
қолғаппен құшақтап
Солқылдайды қыс аппақ
Өзен,теңіз,тау,төбе
Киген аппақ сәукеле
6бала: Жарқырайсың ерекше
Сыйлықтарың бар түрлі.
Барлық
бала қуандық
Барлық
бала шаттандық.
7бала:Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
8бала: Не ойласан ,жаңа жылда
Орындалады бар арман
Жаңа
жылды сондықтан
Күтеді барлық балақан
9бала:Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа
жылда келеді,
Бізге
қарай жылыстап
Би: «Қарақшылар» (ұлдар)
1-Мыстан:
Мынаған қара! Алақай!
2-Мыстан: Неге айғалайсын? Не таптың?
1-Мыстан: мынау үйді қарашы,бұл кімнің үйі екен?
Аяз ата: Бұл үйде менің балаларға даярлаған сыйлықтарым
бар. Бұл сиқырлы үй достарым.
Жүргізуші:Тоқтай тұрыңыз Ата, қане біз ата-аналармен бір ойын
ойнайық.Ата-аналар енді сіздермен
ойын ойнаитын уақыт келді.
Ойын: «Қар лақтыру» (мыстан кемпір мен
балалар,ата-аналар)
Мыстандар:Біз кішкене сиқыр жасайық.
Қарды үрлейік
Қолды соғайық,
Аяқпен топылдатайық.
Аяз
ата: Ал балалар
ауыздарынды ашып тұрмандар. Менің сыйлықтарымды алу үшін, қандай мерген
екендеріңді көрсетіңдер
(Сыйлықтарды
балаларға беру)
Аяз
ата: Баршанызды құттықтаймыз
Бақыт,
қуаныш тілейміз.
Өсіп,
ақылды болыңдар,
Ән
салындар, би билендер
Әр қашанда
күлкілерің беттеріңнен кетпесін.
Сау болыңдар
!
(Барлық кейіпкерлер қоштасып кетеді)