"Ақмола облысы білім басқармасынының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының "Шаңырық" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Шаңырақ" города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша жұмысын жаңарту туралы

20.05.2020

 

ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ

«БІЛІМ БӨЛІМІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

 ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

«ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ»

ЖАРКАИНСКОГО РАЙОНА

 

 

 

 

Б Ұ Й Р Ы Қ                                                     П Р И К А З

 

__12 мая 202_______№ ____91_   

 

                       Державин қаласы                                                                          город Державинск

 

┌      ┐┌          ┐                  

О возобновлении  работы
в дошкольных организациях

Жаркаинского района                                     

 

 

      На основании Постановления Главного Государственного санитарного врача Акмолинской области от 10.05.2020 года  № 47 и   письма ГУ «Управление образования» Акмолинской области от 11.05.2020 года №04-04/2429  ПРИКАЗЫВАЮ:

1. Заведующим ДДО Жаркаинского района:

1)Возобновить деятельность детских садов на территории Жаркаинского района с 13 мая 2020 года с соблюдением мер санитарной безопасности.

2) Провести комплекс мероприятии по возобновлению работы детских садов. 3) Осуществлять деятельность строго в соответствии с алгоритмом работы дежурных групп соблюдения санитарно-дезинфекционного режима на объектах дошкольного образования.

4) Количество посещающих дежурную группу должно составлять не более 15 детей. Провести мониторинг среди родителей для определения потребности в ДО.

5) При приеме детей рекомендуется  в первую очередь уделять внимание  работающим  родителям, у которых  нет возможности оставлять ребенка в домашних условиях.

6) Разместить Постановление Главного Государственного санитарного врача Акмолинской области от 10 мая 2020 года № 47на сайте, в социальных сетях дошкольных организации образования.

7) Ответственность за охрану жизни и здоровья, создание безопасных условий нахождения в ДО детей и сотрудников возлагается на руководителя ДО.

     2. Контроль за исполнением данного приказа возложить на Исаеву Г.Ж методиста КГУ «Методический центр» отдела образования.

 

 

Руководитель                                         Б. Жанабергенов

11.05.2020-ғы № 5-11-3/1721-И шығыс хаты

11.05.2020-ғы № 3329 кіріс хаты

Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастау тәртібі

 

Республика аумағында кезекші топтары бар мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі - МДҰ) жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылған төтенше жағдайлар бойынша штабтардың және өңірдегі санитарлық дәрігердің шешімімен 2020 жылғы 11 мамырдан жұмысты қайта бастай алады.

МДҰ-да балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына, оларға қауіпсіз жағдай жасау үшін жауапкершілік МДҰ-ның басшысына жүктеледі.

МДҰ-ға бірінші кезекте баланы үй жағдайында қалдыруға мүмкіндігі жоқ, ата-анасының екеуі де жұмыс істейтін, кейін басқа барлық ата-аналардың қалауы бойынша балалар қабылданады.

МДҰ-ны ашу үшін білім басқармаларына, білім бөлімдеріне барлық мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты бастау жөнінде хабарлау, мектепке дейінгі ұйымдарға:

- МДҰ-ға қажеттілікті анықтау үшін ата-аналардың арасында мониторинг жүргізу (кезекші топтарды ұйымдастыру туралы БАҚ, кез келген қол жетімді құралдар арқылы хабарлау, тәрбиеші баланың МДҰ-ға келуі жөнінде телефон арқылы (хабарламалар арқылы) өтініштерді қабылдайды және бір күн бұрын  МДҰ-ның басшысына хабарлайды), МДҰ-ға баруға ниет білдірген балалардың санына байланысты МДҰ-ның әкімшілігі санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтауды ескере отырып, топтарды қалыптастырады;

- МДҰ-да жедел жауап беру телефоны белгіленеді;

- балалардың санына байланысты жастары бірдей, түрлі жастағы (1жастан 3 жасқа дейін, 3жастан 6 жасқа дейін) топтарды жасақтау;

- МДҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім-кешек, МДҰ-ның күн тәртібін сақтау және т. б., баланы ерте әкелу, себебі балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін);

- 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жұмыс істейтін МДҰ-ның қызметкерлерінің санын анықтау, қызметкерлердің жұмысқа шығу кестесін құру;

- ата-аналардың, жас топтарының жұмыс уақытын ескере отырып, карантин кезеңіне күн тәртібін бекіту;

- балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жұмысты жоспарлау;

- перспективалық жоспар мен циклограмма құру (топтағы түрлі жастағы балалармен ұйымдастырылып өткізілетін іс-әрекет түрлері жазылады);

- шағын топтармен өткізілетін сабақ кестесін құру (бір шағын топпен тәрбиеші ұйымдастырылылған оқу қызметін жүргізеді, екінші шағын топтың балалары тәрбиешінің көмекшісінің бақылауымен басқа әрекетпен айналысады – үстел үсті ойындары, көркем шығарма оқу, құрастыру және т.б.);

- ойын және дидактикалық материалдардың балалардың жасына сәйкес болуы;

- топта болғанда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында балаларды үнемі бақылау;

- балалар әрекетінің түрлерін ұйымдастыру, күн тәртібіндегі сәттерді өткізу кезінде ара қашықтықты сақтау (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуде);

 - жеке жұмысты және шағын топтар бойынша жұмысты жоспарлау;

- балалар әрекетінің түрлерін өткізуде басқа педагогтер мен тәрбиешінің көмекшісін тарту ұсынылады;

- музыка, дене шынықтыру залында жаппай іс-шаралар, экскурсиялар және т.б. өткізуге тыйым салынады;

- дене шынықтыру және ұйымдастырылған оқу қызметінің басқа түрлерін мүмкіндігінше таза ауада өткізу ұсынылады, ауа-райының жағдайы мен өңірдің климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып, серуеннің уақыты ұзартылады;

- күн тәртібіндегі процестерді жүргізу кезінде балалардың жасы мен жеке ерекшеліктерін ескеру - алдымен кіші жастағы балалардан бастайды, ересек балалар кейін қосылады, ал күндізгі ұйқыдан ең алдымен ересек балаларды, кейін кіші жастағы балаларды біртіндеп тұрғызу қажет;

- ата-аналар:

тәрбиешіге баланың балабақшаға келетін күнін телефон арқылы  (хабарлама жіберу) хабарлауы;

кез келген аурудың белгілері байқалған баланы МДҰ-ға апармауы;

МДҰ-ға бала келмеген күндері оның себебі туралы әкімшілікке, тәрбиешіге алдын ала хабарлауы тиіс;

ойыншықтарды және басқа да заттарды үйден балабақшаға әкелуге болмайды;

шкафтың ішін тазалау үшін бос қалдыру ұсынылады және балабақшадағы шкафта баланың тек 1 күн киетін киімі болуы керек.

 

 

Мектепке дейінгі білім беру объектілерінде

санитарлық- дезинфекциялық тәртіпті сақтау алгоритмі

 

1. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу жергілікті жердегі қоғамдық денсаулық сақтау қызметімен келісу негізінде жүзеге асырылады. Жедел респираторлық инфекциялары (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулары бар қызметкер жұмысқа жіберілмейді.

2. Балалар педиатрдың баланың денсаулығы жөніндегі анықтамасымен қабылданады. Медицина қызметкері балабақшаның барлық қызметкерлеріне күнделікті таңғы фильтр жүргізеді. Балаларды қабылдау кезінде күнделікті таңғы фильтрді медицина қызметкері және қызметкерлер жүргізеді. Аурудың белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар ата-аналарымен бірге үйге қайтарылады.

3. Келесі санаттағы тұлғаларға:

- COVID-19 жағдайы расталған адамдармен байланыста болғандарға;

- соңғы 14 күнде COVID-19 жағдайлары тіркелген шет елден немесе өңірлерден келгендерге;

- жедел респираторлық ауру белгілері бар тұлғаларға балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға әкелуге болмайды.

4. Объектіде қызметкерлердің, келушілердің қолдарын өңдеу үшін көрінетін және қолжетімді орындарға тері антисептиктерін орналастыру қарастырылады.

5. Балалардың қолдарын әрбір тамақтанудың алдында, далада серуендеп келгеннен кейін, санитарлық торапқа кіріп шыққан соң және басқа да қажетті сәттерде жуу (сұйық сабынды қолданып, қолдарды жуу) тәрбиешілердің жеке жауапкершілігіне жүктеледі.   

6. Желдету тәртібін сақтау: балалар топта болған жағдайда бір сағат сайын 15 минуттан кем емес уақытта топты желдету, балалар болмаған кезде топты өтпелі желдету. Желдету балалар үшін қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады.  

7. Есік тұтқаларын, баспалдақ таяныштарын, терезе алдын, түбектерді, топтағы санитарлық-техникалық жабдықтарды дезинфекциялау құралдарын қолданып (топ бөлмелерінде балалар болмаған кезде ғана дезинфекциялық құралдарды қолдану), екі мәрте өңдеу.

8. Дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің жеткілікті болуы.

9. Су ішу тәртібін сақтау (бір рет пайдаланатын стакандар).

10. Асхана ыдыстарын кешке дезинфекциялық сұйықтықты қолданып жуу. Қолданылатын ерітінді концентрациясы ұсынылатын нұсқауға сәйкес (жұқпалы инфекциялар кезінде). 

11. Азық-түлік блогында асхана ыдыстарын, бөлмелерді, жабдықтарды және мүліктерді нұсқау бойынша дезинфекциялық сұйықтықтың концентрациясын қолданып, күнделікті өңдеу режимі (жұқпалы инфекциялар кезінде).  

12. Балабақша қызметкерлерімен эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау мәселелері бойынша нұсқау жүргізу.

13. Балабақша изоляторларын қызыл жолақпен бөлу, МДҰ-да медицина қызметкерлері үшін бетперделердің және жеке сақтану құралдарының болуы. 

 

Арнайы ұйымдардың (ПМПК, ППТК, ОО) жұмыс бастау тәртібі

 

Республика аумағында арнайы ұйымдар (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (ППТК), оңалту орталықтары (ОО) (бұдан әрі–АҰ) жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылған төтенше жағдайлар бойынша штабтардың және өңірдегі санитарлық дәрігердің шешімімен 2020 жылғы 11 мамырдан бастап жұмыс істей алады.

Балалар мен қызметкерлердің арнайы ұйымдарда өмірі мен денсаулығын сақтауға, қауіпсіз жағдайлар жасауғажауапкершілік АҰ-ның басшысына жүктеледі.

Жұмысты бастау ұсынылады:

  1. ПМПК штаттық режимде құрастырылған кестеге сәйкес келесі тәртіпте:

2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламасын анықтау қажет балаларды қабылдау;

2020-2021 оқу жылында үйде оқуын жалғастыруға/алуға мұқтаж болған балаларды қабылдау;

2020-2021 оқу жылы арнайы мектепке дейінгі білімге мұқтаж балаларды қабылдау;

ауыр психикалық-физикалық ауытқулары бар балаларды ППТК-ға қабылдау үшін қабылдау;

ата-аналар, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының бастамасымен.

2) ППТК, ОО штаттық режимде құрастырылған кестеге сәйкес келесі тәртіпте:

эмоционалды-ерік және аутизм бұзылыстары бар балаларды қабылдау;

бұзылуының ақаулы құрылымы бар балаларды қабылдау (дамудың кешенді бұзылулары);

ақыл-ойы бұзылған балаларды қабылдау (жеңіл, орташа, ауыр ақыл-ой бұзылулары бар);

тірек-қозғалыс аппаратының бұзылулары бар балаларды қабылдау;

психикалық тежелуі бар, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды қабылдау;

көрмейтін, нашар көретін, естімейтін, нашар еститін балаларды қабылдау.

Ағымдағы жылдың 18 мамырынан бастап ППТК-да және ОО-да  шағын топпен және топтық сабақтар өткізе алады.

Шағын топпен сабақтар екі баладан аспайтын құрамда өткізіледі. Топтық сабақтарды 3-4 адамнан аспайтын балалар санынан бастау ұсынылады, кейін күн сайын бала санын (2 адамнан) күндізгі және қысқа уақыт болатын топтарды жинақтау нормасына дейін көбейту ұсынылады.

АҰ ашу үшін білім басқармаларына,білім бөлімдеріне, арнайы ұйымдарғажергілікті атқарушы органдардың жанында құрылған төтенше жағдайлар бойынша штабтың қабылданған шешімі және өңірдегі санитарлық дәрігердің рұқсатының негізінде:

– ПМПК-да тексеру уақыты мен күнін белгілеу, алдын ала жазылу жүргізу; телефон және/немесе басқа мессенджерлер (ватсап, телеграмм, электрондық пошта) бойынша  қашықтан анамнезді  алдын ала жинауды жүргізу);

– ППТК-да және ОО-да қашықтықтәртібінде пандемия жағдайында ұйым мен ата-аналар арасында келісім-шарт жасау ережесін түсіндіру;

– АҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу (жұмыс тәртібі, денсаулық жағдайы, тиісті киім-кешек, АҰ-да күн тәртібін сақтау және т.б., баланы ертерек алып келу, өйткені балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін);

- 2020 жылғы 11 мамырдан бастап АҰ-да жұмыс істейтін қызметкерлердің санын анықтау, жұмысқа шығатын қызметкерлердің кестесін жасау;

– карантин кезеңіндегі күн тәртібін бекіту;

– тәрбиелеу-білім беру процесін жүргізу;

– балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жұмысты жоспарлау;

- қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету мақсатында келушілерді тұрақты бақылау;

– күн тәртібіндегі сәттерді өткізуде, түрлі әрекетті ұйымдастыру кезінде қашықтықты сақтау;

–жеке жұмысты және шағын топпен жұмысты жоспарлау;

–балалар әрекетінің әр түрлерін өткізу кезінде басқа педагогтер мен тәрбиешінің көмекшісін тарту.

 

 

Арнайы білім беру ұйымдарында

санитарлық- дезинфекциялық тәртіпті сақтау алгоритмі

 

  1. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің келісімімен. Жедел респираторлық инфекциялары (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулары бар қызметкер жұмысқа жіберілмейді.
  2. Балалар учаскелік педиатрдың баланың денсаулығы жөніндегі анықтамасымен қабылданады. Медицина қызметкері барлық қызметкерлерге күнделікті таңғы фильтр жүргізеді. Балаларды қабылдау кезінде күнделікті таңғы фильтрді медицина қызметкері және қызметкерлер жүргізеді. Егер аурудың белгілері анықталса, қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар үйге ата-анасымен бірге оралады.
  3. Келесі санаттағы тұлғаларға:

– COVID-19 жағдайы расталған адамдармен байланыста болғандарға;

– соңғы 14 күнде COVID-19 жағдайлары тіркелген шет елден немесе өңірлерден келгендерге;

– жедел респираторлық ауру белгілері бар тұлғаларға балаларды АҰ-ға әкелуге болмайды.

  1. Объектіде қызметкерлердің, келушілердің қолдарын өңдеу үшін көрінетін және қолжетімді орындарға тері антисептиктерін орналастыру қарастырылады.  
  2. Балалардың қолдарын санитарлық торапқа кіріп шыққан соң және басқа да қажетті сәттерде жуу (сұйық сабынды қолданып, қолдарды жуу) қызметкерлердің  жеке жауапкершілігіне жүктеледі.  
  3. Желдету тәртібін сақтау: балалар топта болған жағдайда бір сағат сайын 15 минуттан кем емес топты желдету, балалар болмаған кезде топты өтпелі желдету.
  4. Есік тұтқаларын, баспалдақ таяныштарын, терезе алдын, түбектерді, топтағы санитарлық-техникалық жабдықтарды дезинфекциялау құралдарын қолданып (топ бөлмелерінде балалар болмаған кезде ғана дезинфекциялық құралдарды қолдану),  екі мәрте өңдеу.
  5.  Дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің жеткілікті болуы.
  6.  Су ішу тәртібін сақтау (бір рет пайдаланатын стакандар).
  7. АҰ-ның қызметкерлерімен эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау мәселелері бойынша нұсқау жүргізу.
  8. АҰ-да медицина қызметкерлері үшін бетперделердің және жеке сақтану құралдарының болуы. 

 

Мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымдарының карантинненшығу тәртібі және санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі ұсынымдық сипатта беріледі, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып іске асырылады.

 

 

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст