Текст
12.04.2024
Космонавтика күнін мерекелеу аясында мектепке дейінгі ұйымдар арасында аудандық "Космонавтика күні" сурет байқауы өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің "балаларды ерте дамыту институты" РММ жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік және бейнелеу қабілеттерін дамыту және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру. Байқауға жоғары және мектепалды топ балалары қатысты, суреттер өте әдемі болып шықты! Ата-аналардың шетте қалмағанын және сәбилеріне көмектескенін атап өткен жөн. Қатысқан 14 баланың 9-ы номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды!