"Ақмола облысы білім басқармасынының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының "Шаңырық" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Шаңырақ" города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық кеңес

09.12.2022

7 желтоқсанда балабақшада «Жаңартылған бағдарламаны табысты іске асырудың шарттарының бірі ретінде балалармен іс-әрекеттік тәсілді және білім беру жұмысын қамтамасыз ету» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі (бұдан әрі – Модель) бекітілді. Осы аталған Моделдің басты міндеттерінің бірі инклюзивті білім беруді қоса алғанда, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының икемділігін қамтамасыз ету арқылы педагогикалық процесті ғылыми негізде жетілдіру жолымен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын өзгертуге жағдай жасау. Сондай-ақ Модельдің 21-тармағында оны іске асыру мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп, білім беру қызметтерінің сапасын, даму жағдайларын жақсарту және арттыру бойынша ұсынымдар әзірленгеннен кейін ілеспе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтіні нақты міндет ретінде айқындалған. Осыған байланысты еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарында ауқымды зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мен жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін: 1) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; 2) «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына; 3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары); 4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы); 5) мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген, өңірлік әдістемелік орталықтың ғылыми кеңесінде бекітілген және қолдануға ұсынылған білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.

Педагогикалық кеңесте келесі мәселелер шешілді

1.      Стандартты іске асыру кезінде педагогикалық ұжымның тәрбие жүйесін дамытуға уәждемесін анықтау;

2.      Мектеп жасына дейінгі балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуге негіз болатын жаңартылған бағдарламаның мазмұны бойынша педагогикалық ұжымның хабардарлық деңгейін талдау;

3.      Жаңартылған бағдарламаны іске асыру барысында педагогикалық ұжымның проблемаларын анықтау;

4.      Жаңартылған бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін шешу кезінде МДҰ қызметін ұйымдастыруда тәрбие жүйесін тиімді дамыту шарттарын айқындау.

Әр мұғалім өз тобы бойынша бағдарламадағы өзгерістер туралы айтты.

      

Просмотров: 197


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст