"Ақмола облысы білім басқармасынының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының "Шаңырық" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Шаңырақ" города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

онлайн жалпы ата-аналар жиналысы

21.10.2022

Балабақшада 20 қазанда общееline форматында жалпы ата-аналар жиналысы өтті . Тақырыбы: 2022-2023 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру туралы

 Балабақша меңгерушісі С .С. Кумарова ата-аналарына кіріспе сөз сөйлеп, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі бекітілгенін атап өтті. Бұл модельдің негізгі міндеттерінің бірі педагогикалық процесті ғылыми жетілдіру, инклюзивті білім беруді қоса алғанда, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының икемділігін қамтамасыз ету арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын өзгерту үшін жағдай жасау болып табылады. Сондай-ақ модельдің 21-тармағында нақты міндет айқындалған, онда оны іске асыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізгеннен кейін ілеспе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді, білім беру қызметтерінің сапасын, даму жағдайларын жақсарту және арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді көздейді. Осыған байланысты еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарында ауқымды зерттеулер жүргізілді". "Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алатынын" еске салып, оларды тізімдеді.

Келесі мәселелер бойынша әдіскер Э. и. Дмитриева егжей-тегжейлі түсіндірді, мектепке дейінгі ұйымдар 1) Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен (бұдан әрі-Стандарт)тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыратынын айтты; 2) "тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген)бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларымен (бұдан әрі-үлгілік қағидалар); 3) "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген)бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі – үлгілік оқу жоспарлары); 4) "мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - үлгілік оқу бағдарламасы); 5) Мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген, өңірлік әдістемелік орталықтың ғылыми кеңесі бекіткен және қолдануға ұсынылған білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Тәрбиеленушілердің жеке басын жан - жақты дамыту мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: - дене дамуы; - коммуникативтік дағдыларды дамыту; - танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; - шығармашылық дағдыларды, зерттеу қызметін дамыту;-әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру. Ата-аналардың назарын мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйым өз қызметін мынадай кезеңдер бойынша ұйымдастырады: 1) 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін-оқу жылы (үлгілік бағдарламаның мазмұнын игеру кезеңі); 2) 1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі(хабарлама қоса беріледі).

Жиналыс соңында меңгеруші ата аналарына қосылғаны үшін алғыс айтып барлық жақсылықты тіледі

    

Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст