Текст
22 қыркүйекте Тілдер күнін барша Қазақстан халқы жыл сайын атап өтеді. Бұл-еліміздегі маңызды мереке. Бұл әсіресе республикамыздың көпұлтты халқына қымбат. Біздің балабақшада Тілдер апталығы өтті. Апта бойы тәрбиеленушілер біздің елімізде тұратын түрлі халықтардың дәстүрлерімен танысып, ән шырқады, ұлттық ойындар ойнады, өлеңдер айтты. Топтарда әр түрлі халықтар жазушыларының балалар кітаптарының және ертегілердің көрмелері ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың мақсаты: Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлерімен танысу, тілдерді үйренуге деген құрмет пен тілекті тәрбиелеу.
Біздің жерімізде әрдайым бейбітшілік пен амандық орнасын!