Тақырыбы:«Ханталапай» ойнайық, қызығына тоймайық
Мақсаты: Ұрпақтан-ұрпаққа рухани құнды қазынадай мирас болып қалған халықтың салт-дәстүрлері мен мәдениетін ата-бабаларымыздың бай мұрасын құрметтей білуге,балалардың өз халқына,ұлтына, салт-дәстүріне құрметпен қарауға баулу.
Инабаттылыққа, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. Балалардың жылдамдығын жетілдіру, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін және Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Қажетті заттар: Ойын бөлмесіне арналған ұлттық төсеніш, дорба,асықтар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, апай!
Тәрбиеші. Балалар, біз қайда тұрамыз?
Балалар: Қалада.
Тәрбиеші:Қаламыз қалай аталады?
Балалар: Державинск қаласы.
Тәрбиеші: Ауылда кімдер тұрады?
Балалар: Ата мнен әже тұрады.
Тәрбиеші:Ондай болса ауылға ата мен әжеге қонаққа барамыз ба?
Балалар:Иә.
Музыка: «Ауылым».
Тәрбиеші:Балалар әжеміз бен атамыз бізге хат тастап кетіпті.
Тәрбиеші алып оқиды. Сәлеметсіздер ме, менің балаларым. Бізді басқа ауылға қонаққа шақырып кетті.Қазіргі заман дамыған заман. Теледидарды қосып экранға назар аударыңыздар.Мынау менің ауылым осы ауылда менің балалық шағым өтті. Мынау менің әкем мен анам. Менің әкем мен анам қонақшыл адамдар еді.Күнде қой сойып, ет асып қонақтарды күтетін. Бір күні ет турап болған соң, әкеме сұрақ қойдым.
Әке мынау не?
Әкем бұл асық деп жауап берді.
Әке асықпен не істеуге болады?
Асықпен «Ханталапай» ойынын ойнауға болады.Сол уақыттан бастап менің әкем маған арнап асықты тазалап, кептіріп жинайтын болды. Бір күні әкем мені өзіне шақырып алып, балам мен саған арнайы асық жинап қойдым. Енды осы асықпен «Ханталапай» ойынын ойнауға болады.Содан соң ауылдағы балалар жиналып «Ханталапай» ойынын күндізде, түндеде ойнайтын болды.Күндіз ойнаған асық мергендікті, түнде ойнаған асық ептілікке баулиды. Абай ханталапай ойынын жақсы ойнаған. Балалар біздің қазақтың салт – дәстүрлері бұрыннан кележатқан ұлттық ойынның бірі асық ойнау ойыны. Ата – бабамыздан келе жатқан мұра. Ата – бабамыз қойларды көп өсірген халық .
Ал енді үстелдің үстінде жатқан дорбаны алып «Ханталапай» ойынының ережесін түсіндіріп береді.
Тәрбиеші дорбаны алып балалармен шеңберге отырады. Балалар мен дорбаның ішінен нені алып ортаға шашайын?
Балалар:Асықтарды.
Тәрбиеші:Ханталапай ойының шарттарын түсіндіреді. Балалар асықтың ішінде бір асықтың түсі қызыл , сол қызыл түсті асық «Хан» асығы деп аталады. Егерде осы асық кімге бірінші түссе сол бала ойынды бірінші бастайды.
Ойынды бастар алдында балалар мынадай сөз айтылады: «Талапай-ау, талапай,табылды ойын алақай» дорбадағы асықты тәрбиеші ортаға шашады.Балалар ортаға шашқан асықтарды жинап алады. Асықтарды толық жинап алған соң отырады. Енді балалар асықты алдарына қойыңдар. «Хан» асығы түскен бала ойынды бастайды.Балалар егерде асыққа тигізе алмасаңдар мен сендерге сұрақ қоямын, сол сұраққа жауап беру қажет, егерде сұраққа жауап берсендер ойынды жалғастыруға мүмкіндік беріледі, ал егер сұраққа жауап бермесеңдер ойынды басқа бала бастайды. Ал егер тигізсендер асықты ұтып алдыңдар. Балалардың бәрі асықтарын санап шығады. Содан соң асықтарды әр бала дорбаға салады.
Балалар тұрып, көмбе жаққа барамыз. Әр бала өз дорбасынан бес асықтан алып шығып, алшы жағымен көмбеге тігеді.
Тәрбиеші: Балалар ойынды кім бастайды?
Балалар:Кімде «Хан» асығы бар сол бала бастайды.
Тәрбиеші: Ал енді ойынды бастаймыз.
Асыққа тигізбеген балаға қойылатын сұрақтар.
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Ара, ара,аралар,
Орман ішін аралар.
Ал балалар, ойнаған ойынымыз ұнадыма?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Қандай ойын ойнадық?
Балалар:Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай».
Тәрбиеші: Енді ойынымыздың қорытындысын шығарайық. Дорбадағы асығымызды алдымызға төгеміз. Балалар асықтарымызды санап шығамыз. Жарайсыңдар, барлықтарыңда асықтар бар екен. Барлығымыз ептіміз, мергенбіз, алғырмыз, шапшаңбыз. Ел қорғайтын батырлар боламыз. Ұялы телефон шырылдайды.
Тәрбиеші: Ата мен әже қонырау шалды. Қазіргі заман дамыған заманғой балалар ата мен әже біздің «ханталапай» ойынын қалай ойнағанымызды бақылап отырыпты. Қазір үйге жеттік сендерге арнап сыйлықтары бар екен.
Ата – мен әже кіріп келіп балалармен амандасады.
Ата: Балалар, қандай ақылдысыңдар, жолда кележатып дүкенге соқтым, өзімен бірге арнап сыйлық әкелдім.
Ал енді марапаттау рәсімін бастаймыз. «Ханталапай» интеллектуалдық ойынына белсенді қатысқаны үшін марапаттаймыз. «Алғыр бала» деген номинациясымен марапатталады.
«Ханталапай» интеллектуалдық ойынға белсенді қатысқаны үшін марапаттаймыз. «Зерек бала» деген номинациясымен марапатталады
«Ханталапай» интеллектуалдық ойынына белсенді қатысқаны үшін марапаттаймыз. «Мерген бала» деген номинациясымен марапатталады
Номинациялық орынды алмасада, бардық балаларға арнап әкелгенсыйлықтарымызды сылайық.
Балалар: Ата,әже рахмет сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балалар уақыт келді қалаға аттанайық.
Музыка «Таңғы қала».
Қорытынды:
- Балалардың ойын бойы жинаған асықтарын санау. («Аз-көп» ұғымын еске түсіру);
- Жеңімпазды анықтау.
- Балаларды мадақтап, номинация бойынша марапаттау;
- Ойын соңында балаларға ұлттық нақыштағы қоржындар сыйға тартылады.