Сыроватина Оливия-Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державинск қаласының "Шаңырақ" бөбекжай –бақшасы "МКҚК "Балапан" мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Ана тілінің-арын бұл" атты өлеңдерді, ертегілерді, әңгімелерді мәнерлеп оқудың облыстық челленджіне қатысты. Челлендж қорытындысы бойынша екінші орынға ие болды. Оливия Б.Ысқақовтың "Отан"өлеңін мәнерлеп оқыды. Ол шығарма авторының сезімін, терең патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін жеткізе білді. Оливия-балабақшаның белсенді және ынталы оқушыларының бірі. Мұндай өлеңді үйрену оңай емес, бірақ ол бірде-бір тыңдаушыны бей-жай қалдырмай орындады.
Осындай мәнерлеп оқу сайыстарын өткізу оқушыларға мәнерлеп оқу шеберлігін ғана емес, актерлік қабілеттерін де көрсетуге тамаша мүмкіндік береді. Бірақ поэтикалық шығармалар-бұл балаларда сұлулық сезімін тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар жақсы дикция мен есте сақтау қабілетін дамыту мүмкіндігі.