04.05.2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
БАЛАБАҚШАМЕН ҚОШТАСУ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Астана 2024
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институты базасында әзірленген
Балабақшамен қоштасу мерекелік іс-шарасы бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар – Астана, 2024 жыл. – 6 бет.
Әдістемелік ұсынымдарда мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды топтарында мерекелік іс-шараны өткізу бойынша ұсынымдар қарастырылған.
Әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарының басшылары мен балабақша әдіскерлері, педагогтеріне арналған.
Балаларды ерте дамыту иституты, 2024 жыл
БАЛАБАҚШАМЕН ҚОШТАСУ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
ІС-ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ – мектеп жасына дейінгі балалардың мерекелік көңіл-күйін қалыптастыра отырып, мектепке деген қызығушылығын арттыру.
МІНДЕТТЕРІ:
- іс-шараны балаларға қызықты, әрі ойын түрінде ұйымдастыра отырып, мерекелік атмосфераны орнату;
- балалардың эстетикалық сезімдері мен дүниетанымын, көркемдік талғамын дамыту;
- әндер мен билерді қолдана отырып, көркем бейнені құруда дамыған шығармашылық дербестігін көрсетуге жағдай жасау;
- еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
- баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, қызығушылығын арттыру;
- қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау.
МЕРЕКЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР
- Мереке сценарийін балалардың қызығушылықтарын және бағдарлама мазмұнын ескере отырып, мектепалды топтары мен сыныптарының тәрбиешілері музыка жетекшісімен бірге таңдап, құрастырады және балалармен түрлі әрекеттерді (шығармашылық, ойын, еңбек) кіріктіру және үйлестіру (топтық және жеке орындау, сахналық қойылымдар, билер, ойындар, байқаулар және т.б.) арқылы өткізу ұсынылады.
- Мерекелік шараны дәстүрлі форматта емес балалар қызығатындай олардың түрлі әрекеттері (тәрбиеленушілердің диалогтік, монологтік сөйлеуін дамытуға, байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге ықпал ететін сахналық қойылымдар, саяхат, байқау, концерт, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар, шығармашылық байқаулар және т. б.) арқылы ойын түрінде жаңа форматта өткізу ұсынылады.
- Сценарий құруда таңдалған ән, би, қойылымдар (хит, той әндері мен билері, балаларды қатыгездікке жетелейтін емес) балалардың жасына сәйкес және бастысы тәрбиелік мәні болуы қажет.
- Ұсынылатын тақырыптар:
- «Қош бол, менің сүйікті балабақшам!»;
- «Біз мектепке барамыз»;
- «Әр бала бір жұлдыз»;
- «Балабақша-балалықтың мекені» (басқа тақырыптарды таңдауға болады).
- Залдың, топтың/сыныптың безендірілуі жағымды мерекелік көңіл - күй тудыруы, безендіруде материалдар мен жабдықтар балалар үшін қауіпсіз,
бағдарламалық мазмұнға сәйкес, әрі балаларға түсінікті болуы керек.
- Іс-шараға ата-аналардың қатысуы міндеттелмейді, мереке балалар үшін ұйымдастырылатынын және олардың мерекеге белсенді қатысушылар екенін ескерген жөн.
- Мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында мерекелік іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдерін шақыру ұсынылады.
- Мерекені ұйымдастыруда аниматорларды және ақылы қызмет көрсететін бөгде адамдарды шақырмай, білім беру ұйымының мүмкіндіктерін ескере отырып, ұйымдастыру қажет.