Текст
13.02.2026
Бүгін балабақшамызда медицина қызметкері Дуне Любовь Степановна,қызылшаның алдын алу бойынша ақпараттық кездесу өткізді. Ата-аналар мен ұжым қызметкерлері аурудың белгілері, жұғу жолдары және қорғану шаралары туралы маңызды әрі өзекті мәліметтер алды.
Кездесу барысында көрнекі мысалдар келтіріліп, жадынамалар мен брошюралар таратылды. Сонымен қатар, медицина қызметкері көптеген ата-аналарға жеке кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді және балалардың денсаулығын сақтау бойынша ұсыныстар айтты.
Тәрбиеленушілеріміздің амандығына бейжай қарамай, атсалысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.