29.01.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Державинск қаласындағы «Шаңырақ» бөбекжайы» МКҚК-да Әкелер мектебінің жоспарына сәйкес балабақша әкелері бірлесе отырып, балаларға арнап қардан сырғанақ жасап берді. Бұл бастама ата-аналар мен білім беру ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, балалардың қыс мезгіліндегі бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік жасады.
Әкелер уақытпен санаспай, жұмыстан кейінгі кешкі мезгілде арнайы уақыт бөліп, қардан қауіпсіз әрі әсем сырғанақ тұрғызды. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері әкелер еңбегінің басты жемісі болды. Мұндай бірлескен әрекет балалардың белсенді демалысын ұйымдастырып қана қоймай, отбасылық құндылықтарды, әке мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайта түсті.
Аталған игі іс-шара балабақшадағы бірлік, жанашырлық және жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтарды дәріптейтін жарқын үлгіге айналды. Әкелер мектебі аясында жүзеге асқан бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, тәрбиелік мәні зор жобалармен толықтырылады деп күтілуде.
https://www.instagram.com/p/DUAKsVpgvj_/