14.11.2025
Балабақшада жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Тақырыбы: «Оқу жылының басталуы – балабақша, ата-аналамр мен тәрбиеленушілер өміріндегі жаңа кезеңнің бастамасы».
Мақсаты: педагогтар мен ата-аналар арасындағы байланысты кеңейту; жаңа оқу жылына өзара әрекеттестік перспективасын қалыптастыру; ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.
Балабақшаның әдіскері ата-аналарға меңгеруші Серікбаева Гүлнара Сатаевнаны таныстырып, ол ата-аналарды оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттермен таныстырды, балабақшаға келу ережелерін еске салды. Сонымен қатар, Гүлнара Сатаевна ата-аналар комитетін таныстырып, олардың құқықтары мен міндеттерін атап өтті.
Балабақшаның әдіскері Akmola.kz сайты мен мобильді қосымшасында келу журналында белгіні қалай қою керектігін көрсетті. Сондай-ақ, табельді өткен ай үшін ағымдағы айдың 1-нен 10-ына дейін растау қажет екенін еске салды.
Кездесу соңында Гүлнара Сатаевна ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар жиналысы сенім мен өзара түсіністік атмосферасында өтті.
https://www.instagram.com/p/DQyJVcRgpvN/