"Ақмола облысы білім басқармасынының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының "Шаңырық" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Шаңырақ" города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Аттестаттау үшін құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

14.08.2025

13. Аттестаттау үшін құжаттарды беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі –  Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде педагог аттестаттаудан өту үшін осы Қағидаларға  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

14.  Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.  

15.  Мемлекеттік қызмет:

Платформа арқылы - «педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санатына;

электрондық үкіметтің веб - порталы (бұдан әрі – портал) арқылы -  «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы», «үшінші санаттағы басшы орынбасары», «екінші санаттағы басшы орынбасары», «бірінші санаттағы басшы орынбасары» біліктілік санатына көрсетіледі.

16. Құжаттарды тапсырған кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.

 Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

17. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы
2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Осы Заңның 10-бабының  5) тармақшасына, 14-бабының
3) тармақшасына23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарау жоғары тұрған әкімшілік органмен, лауазымды тұлғамен, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырылады. 

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шағымданған лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) беріледі.

Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік
іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқа тәртіп көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің
91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

Педагогтерді

аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына

1-қосымша

 

Нысан

 

«Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі

1.

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

 

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

egov.kz «Электронды үкімет» порталы;

 

«Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы» ақпараттандыру нысаны

 

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: бір жұмыс күні

 

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

 

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған құжаттарды қабылдау туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту хабарламасы. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде көрсетіледі

 

6.

ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін

 

7.

Жұмыс кестесі

egov.kz «Электронды үкімет» порталы және «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы» ақпараттандыру нысаны арқылы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш;

2) білім туралы диплом (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);

3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

4) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;

6) берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);

7) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;

8) білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.
9) Эссе (250–300 сөз).

Жеке басын куәландыратын құжаттар, білімі және еңбек қызметі туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық үкімет шлюзі арқылы алынады.

«Педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаттарына аттестатталушылардың  3), 5), 6), 7), 8) тармақтарда көрсетілген құжаттары Платформада жинақталады.

 

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі;
3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

 

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Аттестаттау оқу жылында 1 рет өткізіледі. Аттестаттауға өтініш білім беру саласындағы уәкілетті органдар айқындаған мерзімдерде қабылданады. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау ағымдағы оқу жылының қаңтар-тамыз айлары аралығында өтеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz.
көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777, болған жағдайда порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 263


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст