"Ақмола облысы білім басқармасынының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының "Шаңырық" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Шаңырақ" города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі

11.03.2025

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі

1.

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

egov.kz «Электронды үкімет» порталы;

 

«Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы» ақпараттандыру нысаны

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: бір жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған құжаттарды қабылдау туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту хабарламасы. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде көрсетіледі

6.

төлем мөлшері

Жеке тұлғаларға тегін

7.

Жұмыс кестесі

egov.kz «Электронды үкімет» порталы және «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы» ақпараттандыру нысаны арқылы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш;

2) білім туралы диплом (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);

3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

4) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;

6) берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);

7) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;

8) білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.
9) Эссе (250–300 сөз).

Жеке басын куәландыратын құжаттар, білімі және еңбек қызметі туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық үкімет шлюзі арқылы алынады.

«Педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаттарына аттестатталушылардың  3), 5), 6), 7), 8) тармақтарда көрсетілген құжаттары Платформада жинақталады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі;
3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

 

Осы қызмет бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының  «Шаңырақ» бөбекжайы»  МКҚҚ Дмитриева Эльвира  Ивановнаға жүгіну қажет, тел: 8-716-48-9-19-53

 

Просмотров: 117


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст