«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Шаңырақ" бөбекжайының "Балапан" ересектер тобында 15 наурызда қазақ тілінен "Қош келдің, Наурыз!» іс-шара болып өтті. Жоспарлы іс-шара тәрбиеленушілердің қазақ халқының мәдени құндылықтары мен ұлттық дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында өткізілді. Іс-шараны өткізу барысында қазақ тілі мұғалімі Искакова Н.Ж. бейнеролик көрсетіп, балаларға Наурыз мейрамының маңызы, оны Қазақстанда қалай атап өтетіні туралы айтып берді. Балалар ұлттық тағамдарды, қазақ ойындарының түрлерін белсенді атады, Наурыз туралы қазақ тілінде өлеңдер айтты, " Міне, келді Наурыз-ай!" әдемілеп ән айттыпты және де іс-шара тақырыбына қатысты жаңа терминдер мен сөздерді танып, жаттап алды. Осылайша мемлекеттік тілді білудің жақсы деңгейін көрсетті.
Ерекше назар аударуға мерекелік дастархан тұрарлық. Тәрбиеші Д.Р. Гиззатуллина қазақтың ұлттық тағамдарының молдығы мен басты "Наурыз-көже" тағамы туралы айтып берген. Әрі қарай практикалық жұмыста балаларға қазақ тағамдарының бірі – құртты өздері дайындауға ұсынылды. Балалар ерекше ынтамен сүзбесін алақанының арасына ақырын домалатып, құрттың әр түрлі пішінін мүсіндеді.
Соңында Нұргүл Жақсылыққызы ұлттық ойындар туралы айтып, «Асық ату» қазақ ұлттық ойынында балалар арасында спорттық жарыс өткізді. Балалар сайыста өз шеберліктері мен ептіліктерін шебер көрсетті. Топтағы атмосфера көңілді және қуанышты болды!
Бөбекжайымызда осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік тілді үйренуге оң әсер етеді, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың сабақтастығын сақтауға, сондай-ақ тәрбиеленушілерге қазақ халқының мәдени құндылықтарын сіңіруге ықпал етеді.
«Балапан» ересектер тобының тәрбиешісі
Гиззатуллина Дина Рустамовна