Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Державинск қаласының "Шаңырақ "бөбекжайы" МКҚК бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1.Музыкалық жетекші (1,5 ставка – күніне 7,12 сағат)
Лауазымдық міндеттері "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес айқындалады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау конкурс жарияланған сәттен бастап 04.11.2024 жылдан бастап 12.11.2024 жылға дейін 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде ұсыну қажет:
1) Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
Державинск қаласы, Захаров көшесі, 83 мекен-жайына хабарласыңыз. Телефон: 87164891953, электрондық пошта мекенжайы: detskiysad.shanyrak@mail.kz
Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Байқау 2024 жылдың 13 қарашасында сағат 15.00-де өтеді.