ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ |
|
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
,
010000, Нұр-Сұлтанқаласы, «Министрліктер Үйі»010000, город Нур-Султан, «Дом министерств»
тел.: (7172) 74-24-28, факс: (7172) 74-24-16 тел.: (7172) 74-24-28, факс: (7172) 74-24-16
___________№_________________________________
______________________________________________
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» (бұдан әрі - бұйрық)Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы қабылданғанын хабарлайды.
Бұйрық «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына, сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.Бұйрық педагогикалық әдеп қағидаларын және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекітеді.
Педагогикалық әдепқағидалары барлық білім беру ұйымдарының педагогтеріне қолданылады.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында қолданылады.
Баяндалғанға байланысты осы бұйрықты тиісті білім беру ұйымдарына жеткізуіңізді сұраймыз.
Қажет болған жағдайда педагогтер арасында педагогикалық әдептіңқағидаларыноқытуды ұйымдастырыңыз.Сондай-ақ, тиісті білім беру ұйымдарының басшыларымен заңға сәйкес педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелерін сайлауы үшін қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етіңіз.
Кеңес алу үшін сұраныстарды t.davlet@edu.gov.kz электрондық поштаға жіберу немесе 8 (7172) 742360, 742365 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Қабылданған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 20 қыркүйекке дейін ұсынуды сұраймыз.
Қосымша: 22 бетте.
Вице-министр Ш. Каринова
Педагогикалық әдептің
кейбір мәселелері туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына негізіндеБҰЙЫРАМЫН:
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаменті (Н.Ә. Байжанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.