"Ақмола облысы білім басқармасынының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының "Шаңырық" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Шаңырақ" города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Гүлдей бер, менің Қазақстаным!»

24.10.2024

25 қазанда бүкіл Қазақстан ұлттық мерекені – Республика күнін-бүкіл қазақстандық қоғамның мерекесін атап өтеді, бұл мереке елімізде тұратын әрбір адамды қуантады. Республика күні мемлекетіміздің ұлттық мерекелерінің тізіміне енді.

Республика күні-еліміздің игілігі, баға жетпес байлығы. Сондықтан бұл күннің өскелең ұрпақ үшін маңыздылығын атап өту, ұлттық рухты көтеретін және мақтанышымызды арттыратын іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Тәуелсіздігіміздің алтын тірегі және еліміздің басы саналатын Республика күні біз үшін өте маңызды.

Біздің балабақшада барлық жас топтарында осы мерекеге арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Мақсаты: туған елдің мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру, отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, достық пен толеранттылықты тәрбиелеу. Барлық топтарда балалар мен ата – аналардың бірлескен шығармашылығы ұсынылған   «Қазақстан-Менің Отаным»  атты балалар шығармашылығының көрмелері болды.  Мектепалды және аға топтарда Мемлекеттік рәміздер туралы тақырыптық әңгімелер өткізіліп, «Біз Қазақстан азаматтарымы»  презентациясы, «Біз Отан туралы не білеміз» викторинасы көрсетілді. Балалар үшін Ұлттық ашық және шығармашылық ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі ересек балалар   «Гүлдей бер, менің Қазақстаным!» балалар өлең айтуда, би билеуде өз шеберліктерін көрсетті.

Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтауларыңызды қабыл алыңыз! Бұл мереке сіздің жүрегіңізді біздің мемлекетіміздің бірлігі мен жасампаздығына ұмтылыспен толтырсын! Біздің еліміздегі бейбітшілік пен келісім өркендеудің символына айналсын!

        

 

Просмотров: 1013

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст